Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 1317 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  21-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының  4-бабын  іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты" деген жолда "131" цифры "164" цифрымен алмастырылсын;

      2) жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасында:
      "Аудандық және оларға теңестірілген соттар" деген жолда "6697" цифры "6664" цифрымен алмастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады