Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi N 1006 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн бepу, мүліктік жалдауға беру (жалға бepу), сату және пайдаға асыру ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне қосымшаға сәйкес атыс қаруын берсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 5 маусымдағы
N 625 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне беретiн атыс қаруы
____________________________________________________________________
P/с| Атауы |Санаты | Саны |Орналасқан орны | Ескерту
N | | | | |
____________________________________________________________________
1. 5,45 мм АКС-74У 2 465 Алматы қаласы
салынатын қысқартылған
дүмбiсiмен Калашников
автоматы
2. 5,45 мм РПК 74
Калашников қол пулеметi 2 8 Алматы қаласы
____________________________________________________________________