Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 625 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi N 1006  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн бepу, мүліктік жалдауға беру (жалға бepу), сату және пайдаға асыру ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне қосымшаға сәйкес атыс қаруын берсiн.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2004 жылғы 5 маусымдағы 
N 625 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне беретiн атыс қаруы

____________________________________________________________________
P/с|        Атауы         |Санаты | Саны |Орналасқан орны | Ескерту
N |                      |       |      |                |
____________________________________________________________________
1.  5,45 мм АКС-74У           2      465   Алматы қаласы
    салынатын қысқартылған
    дүмбiсiмен Калашников
    автоматы

2.  5,45 мм РПК 74
    Калашников қол пулеметi   2       8    Алматы қаласы
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады