Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 691 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14   желтоқсандағы N   1203   қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы   N 1894  және 2002 жылғы 24 қаңтардағы  N 100  қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мен 2-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:
      1) 2004 жылғы 15 шілдеге дейiн Лицензиаттардың қызметін Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) 2004 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiмен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл тәртiбін әзiрлесiн және бекiтсiн.";
      3-тармақта:
      "және ұйымдар беретiн есептемелерге олардың қол жеткiзуiн мүмкiн ете" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Индустрия және сауда министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне және Қаржы полициясы агенттiгiне" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiне және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне (қаржы полициясы) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
      тақырыбында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақ алып тасталынсын;
      21-тармақта:
      4) тармақшадағы "министрлiгi" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) және 8) тармақшалардағы "бас кәсiпорында" деген сөздер алынып тасталсын;
      15) тармақшадағы "өнеркәсiптiк пайдалануға рұқсат етiлген," деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттерiн ашқан кезде заңды тұлғаларда мыналар болуы тиiс:
      1) қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу үшiн ыңғайластырылған үй-жай (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты);
      2) мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, тиiстi орган тексерген таразы шаруашылығы;
      3) қабылдау пунктiнiң Лицензиатқа тиесiлi екендiгiн растайтын құжаттар (лицензияның нотариалды расталған көшiрмесi);
      4) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiгi, лицензияның номерi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшасы;
      5) кемiнде 200 шаршы метр, бiрақ 500 шаршы метрден аспайтын алаңы.
      Қабылдау пункті адамдар тұратын тұрғын үйлердiң аумағына орналаспауы тиic.".
      23-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Лицензиат" деген сөзден кейiнгi "Лицензиар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      28-тармақтағы "әкiмдiктiң" деген сөз "Лицензиардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесiне қосымшада 4-тармақтағы ", облыстардың, Алматы қалалары әкiмдерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2000 года N 383

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2004 года N 691. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1203

       Сноска. Постановление Правительства РК от 23 июня 2004 года N 691 утратило силу постановлением Правительства РК от 14 декабря 2006 года N  1203 .

      В соответствии с  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2004 года N 269 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 и от 24 января 2002 года N 100" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2000 года N 383 "О рынке вторичных черных и цветных металлов" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 15, ст. 148) следующие изменения и дополнения:
      1) подпункт 2) пункта 1 и пункт 2 исключить;
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:
      1) до 15 июля 2004 года принять меры по приведению деятельности Лицензиатов в соответствие с требованиями, предусмотренными Правилами;
      2) до 15 августа 2004 года разработать и утвердить порядок взаимодействия с Налоговым комитетом Министерства финансов Республики Казахстан и Агентством Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция).";
      в пункте 3:
      слова "и обеспечением доступа к представляемой организациями отчетности" исключить;
      слова "Министерству индустрии и торговли, Министерству внутренних дел и Агентству финансовой полиции Республики Казахстан" заменить словами "Министерству внутренних дел и Агентству Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) и акимам областей, городов Астаны и Алматы";
      2) в Правилах лицензирования деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, утвержденных указанным постановлением:
      в заголовке после слова "реализации" дополнить словами "юридическими лицами";
      в пункте 2 слова "Министерством индустрии и торговли Республики Казахстан" заменить словами "Акимами областей, городов Астаны и Алматы";
      пункт 16 исключить;
      в пункте 21:
      в подпункте 4) после слова "Казахстан" дополнить словами "и Агентством Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям";
      в подпунктах 7) и 8) слова "на головном предприятии" исключить;
      в подпункте 15) слова "разрешенное к промышленному использованию," исключить;
      дополнить пунктом 22-1 следующего содержания:
      "22-1. Юридические лица при открытии приемного пункта лома и отходов цветного и черного металла должны иметь:
      1) помещение, приспособленное для работы с наличными деньгами (сейф или специально оборудованная касса, средства связи, контрольно-кассовый аппарат с фискальной памятью);
      2) весовое хозяйство, внесенное в государственный реестр, поверенное соответствующим органом;
      3) документы, подтверждающие принадлежность приемного пункта Лицензиату (нотариально заверенную копию лицензии);
      4) вывеску с указанием принадлежности приемного пункта юридическому лицу, номера лицензии, режима работы;
      5) площадь не менее 200 кв.м, но не более 500 кв.м.
      Приемный пункт не должен располагаться на территории заселенных жилых домов.";
      в пункте 23:
      в абзаце втором после слова "утвержденным" слова "Лицензиаром и" исключить;
      в пункте 28 слово "акимата" заменить словом "Лицензиара";
      в приложении к Правилам лицензирования деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, утвержденным указанным постановлением, в пункте 4 слова ", акимами областей, городов Астаны и Алматы" исключить.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан