Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 723 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
      тақырыбында және мәтiнiнде "индикативтiк" деген сөз "орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:
      тақырыбында және мәтiнiнде:
      "индикативтiк" деген сөз "орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат.";
      2-тармақтың екiншi абзацында "негiздейтiн" деген сөзден кейiн "және индикативтi сипаты бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) елдiң және оның өңiрлерiнiң экономикасын серпiндi дамыту үшiн шарттарды айқындайды;";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ұлттық компанияны тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және инвестициялық шаралардың бүкіл кешенiн қамтитын орта мерзiмдi даму жоспары Ұлттық компанияның даму жоспары деп аталады.
      Ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеушiлер болып табылады.";
      9-тармақта "және Облыстардың индикативтiк жоспарларын" деген сөздер "Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын және Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ алынып тасталсын;
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Республикалық орта мерзiмдi жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгi бағыттары (бұдан әрi - негiзгi бағыттар);
      2) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi - табиғи монополиялардың өнімдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттiк жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортына кедендiк тарифтердiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетілетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары;
      3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы;
      4) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi;
      5) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi;
      6) ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы.
      12. Облыстың орта мерзiмдi жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары;
      2) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің болжамы;
      3) қолданыстағы және әзiрленетiн аймақтық бағдарламалардың тiзбесi;
      4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi.";
      4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бөлім. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
      1-бөлiмше. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
      14. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастырудың негiзi болып табылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасы әзiрленедi.
      Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 қаңтарына дейiн Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлімдерінің нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергілiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
      2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнің болжамдарын (бұдан әрi - Аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi.
      Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзiмдi жоспардың Аса маңызды көрсеткіштерiнің болжамын Министрлiк үш күндiк мерзiмде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және басымдылық тәртiбiмен олардың бөлiнiсiнде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бойынша Министрлiкке ұсыныстар бередi;
      4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардан алынған материалдардың негізiнде Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгізедi. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушілiктер хаттамасы қоса беріледi;
      5) жоспарланатынның алдындағы жылдың сәуiрiнде Министрлiк орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
      6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар кезең-кезеңмен келiсудi және жергiлiктi атқарушы органдармен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн нақтылауды жүргізедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
      7) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi;
      8) жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы және орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізiледi.
      Екiншi кезеңде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбелерiн, қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды дамытудың негiзгі бағыттары мен негізгі көрсеткiштерiнiң болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн түзету жүргізіледi.
      Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру екiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлік орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, сондай-aқ өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
      2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергіліктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
      3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi;
      4) Республикалық орта мерзiмдi жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгілде Үкiметтің қарауына енгізiледi және жылдың 1 қыркүйегінен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      2-бөлiмше. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
      15. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiріншi кезеңде жергілiкті уәкілетті органдар:
      алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстары негiзінде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсiнде Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының iрілендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанына дейiн бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасына енгiзу үшін Министрлiкке ұсынады;
      жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиiсті жергілiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
      жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімдi жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Министрлiкпен және басқа мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсудi жүзеге асырады;
      жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 маусымына дейiн облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары және облыстың (қаланың) орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерiнiң болжамы жергілiктi атқарушы органның бекiтуiне енгізіледi.
      Екiншi кезеңде қолданыстағы және әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламалардың тiзбелерiн, басым жергілiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңiрдi дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Облыстың орта мерзiмдi жоспарының бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi:
      1) жоспарланатынның алдындағы жылдың шiлдесiнде жергілiктi уәкілеттi органдар Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi 15 қазанға дейiн мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсілген Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларымен бiр мезгiлде тиiсті мәслихаттардың бекiтуiне ұсынады.";
      19-тармақта:
      1) тармақшада "Акционерлiк қоғамдар директорларының кеңестерi (республикалық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн - уәкiлеттi органдар)" деген сөздер "ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей" деген сөздер "жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "мамыр-шiлдесiнде" деген сөздер "мамыр-тамызында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада ", бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау" деген сөздер "және бәсекелестіктi қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртiншi тоқсанында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерін иеленудi және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн енгiзудi қамтамасыз етедi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2002 года N 647

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2004 года N 723. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года N 1251

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.08.2009 N 1251 .

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2002 года N 647 "Об утверждении Правил разработки индикативных планов социально-экономического развития Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 17, ст. 190) следующие изменения и дополнения:
      в заголовке и тексте слова "индикативных" и "индикативного" заменить соответственно словами "среднесрочных" и "среднесрочного";
      в пункте 2 слова "городов Астаны и Алматы" заменить словами "городов республиканского значения, столицы";
      в Правилах разработки индикативных планов социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в заголовке и тексте:
      слова "индикативных", "индикативные", "индикативный", "индикативного", "индикативное" и "индикативным" заменить соответственно словами "среднесрочных", "среднесрочные", "среднесрочный", "среднесрочного", "среднесрочное" и "среднесрочным";
      слова "городов Астаны и Алматы" заменить словами "городов республиканского значения, столицы";
      пункт 1 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Среднесрочный план социально-экономического развития - документ, утверждаемый Правительством Республики Казахстан или маслихатом, определяющий основные показатели и направления социально-экономического развития республики или региона на трехлетний период и меры по их реализации.";
      в абзаце втором пункта 2 после слов "внутренних факторов" дополнить словами "и носит индикативный характер";
      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:
      "2) определяет условия для динамичного развития экономики страны и ее регионов;";
      пункт 7 дополнить абзацами следующего содержания:
      "Среднесрочный план развития, включающий в себя весь комплекс экономических и инвестиционных мер, направленных на эффективное развитие национальной компании называется Планом развития национальной компании.
      Разработчиками планов развития национальных компаний являются государственные органы, осуществляющие права владения и пользования государственными пакетами акций национальных компаний и национальные компании.";
      в пункте 9 слова "и Индикативные планы областей" заменить словами ", Среднесрочные планы областей и Планы развития национальных компаний";
      пункт 10 исключить;
      пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции:
      "11. Республиканский среднесрочный план состоит из следующих разделов:
      1) Основные направления социально-экономического развития Республики Казахстан (далее - основные направления);
      2) государственные регуляторы социально-экономического развития - динамика тарифов на продукцию и услуги естественных монополий; минимальные размеры заработной платы, пенсий, государственных пособий, прожиточный минимум, изменение таможенных тарифов на импорт товаров и услуг; квоты на импорт рабочей силы; стандарты на производство продукции (работ, услуг);
      3) прогноз важнейших показателей социально-экономического развития Республики Казахстан;
      4) перечень действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ;
      5) перечень приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ) в разрезе действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ;
      6) основные направления и прогноз основных показателей развития национальных компаний.
      12. Среднесрочный план области состоит из следующих разделов:
      1) основные направления социально-экономического развития области (города);
      2) прогноз важнейших показателей социально-экономического развития области (города);
      3) перечень действующих и разрабатываемых региональных программ;
      4) перечень приоритетных местных бюджетных инвестиционных проектов (программ), в разрезе действующих и разрабатываемых государственных, отраслевых (секторальных) и региональных программ.";
      раздел 4 изложить в следующей редакции:
      "Раздел 4. Порядок разработки и утверждения среднесрочных планов
      Подраздел 1. Порядок разработки и утверждения Республиканского среднесрочного плана
      14. Разработка Республиканского среднесрочного плана осуществляется в два этапа.
      На первом этапе разрабатывается проект Республиканского среднесрочного плана, который является основой формирования проекта среднесрочной фискальной политики, проектов республиканского и местных бюджетов на предстоящий финансовый год.
      Формирование проекта Республиканского среднесрочного плана на первом этапе осуществляется в следующем порядке:
      1) Министерство до 10 января года, предшествующего планируемому, направляет центральным и местным исполнительным органам, иным государственным органам, а также национальным компаниям формы, перечень показателей и структуру разделов Республиканского среднесрочного плана;
      2) Министерство с участием центральных исполнительных и иных государственных органов до 1 февраля года, предшествующего планируемому, разрабатывает и вносит на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии (далее - бюджетная комиссия) прогнозы макроэкономических показателей развития экономики Республики Казахстан на предстоящий трехлетний период (далее - Прогноз важнейших показателей).
      Одобренный бюджетной комиссией Прогноз важнейших показателей Республиканского среднесрочного плана Министерство в трехдневный срок направляет центральным и местным исполнительным органам, иным государственным органам, а также национальным компаниям;
      3) центральные и местные исполнительные органы, а также иные государственные органы в соответствии со структурой разделов и формами показателей Республиканского среднесрочного плана не позднее 20 февраля года, предшествующего планируемому, представляют в Министерство предложения к соответствующим разделам и показателям Республиканского среднесрочного плана и по перечню действующих и разрабатываемых государственных, отраслевых (секторальных) программ и приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ) в их разрезе в порядке приоритетности;
      4) Министерство до 10 марта года, предшествующего планируемому, на основании материалов, полученных от центральных и местных исполнительных органов, а также иных государственных органов формирует проект Республиканского среднесрочного плана на планируемый период и вносит в бюджетную комиссию. В случае возникновения расхождений с предложениями центральных исполнительных и иных государственных органов, прилагается протокол разногласий;
      5) в апреле года, предшествующего планируемому, Министерство проводит доработку разделов Республиканского среднесрочного плана с участием центральных и местных исполнительных органов, а также иных государственных органов, согласно графику, утвержденному приказом Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;
      6) центральные исполнительные и иные государственные органы проводят поэтапное согласование и уточнение с местными исполнительными органами соответствующих разделов и показателей Республиканского среднесрочного плана, и доработанный вариант разделов и показателей представляют Министерству не позднее 20 апреля года, предшествующего планируемому;
      7) до 1 мая года, предшествующего планируемому, Министерство формирует проект Республиканского среднесрочного плана и направляет его на согласование в заинтересованные центральные исполнительные и иные государственные органы;
      8) до 15 мая года, предшествующего планируемому, основные направления социально-экономического развития Республики Казахстан, прогноз важнейших показателей социально-экономического развития Республики Казахстан и государственные регуляторы социально-экономического развития на среднесрочный период вносятся в установленном порядке в Правительство Республики Казахстан.
      На втором этапе происходит формирование перечней действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ, приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ) в разрезе действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ, основных направлений и прогноза основных показателей развития национальных компаний и уточнение прогнозных оценок развития экономики страны, корректировка разделов Республиканского среднесрочного плана.
      Формирование проекта Республиканского среднесрочного плана на втором этапе осуществляется в следующем порядке:
      1) в июне года, предшествующего планируемому, Министерство проводит доработку разделов Республиканского среднесрочного плана с участием центральных и местных исполнительных органов, а также иных государственных органов;
      2) центральные исполнительные и иные государственные органы проводят поэтапное согласование и уточнение с местными исполнительными органами соответствующих разделов и показателей Республиканского среднесрочного плана, и доработанный вариант разделов и показателей представляют Министерству не позднее 10 июля года, предшествующего планируемому;
      3) до 1 августа года, предшествующего планируемому, Министерство формирует проект Республиканского среднесрочного плана и направляет его на согласование в заинтересованные центральные исполнительные и иные государственные органы;
      4) Республиканский среднесрочный план вносится на рассмотрение Правительству до 15 августа года, предшествующего планируемому, одновременно с проектом закона о республиканском бюджете на предстоящий финансовый год и утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан не позднее 1 сентября года.

           Подраздел 2. Порядок разработки и утверждения
                    Среднесрочных планов областей

      15. Разработка Среднесрочных планов областей осуществляется в два этапа.
      На первом этапе местные уполномоченные органы:
      на основе полученных материалов и предложений районных и городских отделов по экономическому планированию, разрабатывают укрупненные параметры Среднесрочных планов областей, в разрезе видов экономической деятельности и до 20 февраля года, предшествующего планируемому, представляют в Министерство для включения в проект Республиканского среднесрочного плана, представляемого в бюджетную комиссию;
      до 10 марта года, предшествующего планируемому, местные уполномоченные органы направляют на рассмотрение соответствующей местной бюджетной комиссии проекты среднесрочных планов областей;
      до 1 мая года, предшествующего планируемому, местные уполномоченные органы осуществляют согласование проектов Среднесрочных планов областей с Министерством и другими заинтересованными центральными исполнительными и иными государственными органами согласно графику, утвержденному приказом Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;
      до 15 июня года, предшествующего планируемому, основные направления социально-экономического развития области (города) и прогноз важнейших показателей социально-экономического развития области (города) на среднесрочный период, вносятся на утверждение в местный исполнительный орган.
      На втором этапе происходит формирование перечней действующих и разрабатываемых региональных программ, приоритетных местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и уточнение прогнозных оценок развития региона, корректировка разделов Среднесрочного плана области:
      1) в июле года, предшествующего планируемому, местные уполномоченные органы осуществляют доработку Среднесрочных планов областей и вносят их на рассмотрение акиматов областей, городов республиканского значения, столицы;
      2) до 15 октября года акиматы областей, городов республиканского значения, столицы представляют на утверждение в соответствующие маслихаты Среднесрочные планы областей, согласованные с заинтересованными центральными исполнительными и иными государственными органами, одновременно с проектами соответствующих местных бюджетов на предстоящий финансовый год.";
      в пункте 19:
      в подпункте 1) слова "Советы директоров акционерных обществ (уполномоченные органы - для республиканских государственных предприятий)" заменить словами "государственные органы, осуществляющие права владения и пользования государственными пакетами акций национальных компаний";
      в подпункте 2) слова "не позднее 20 февраля года" заменить словами "не позднее 1 мая года";
      в подпункте 3) слова "в мае-июле года" заменить словами "в июне-августе года";
      в подпункте 4) слова ", защите конкуренции и поддержки малого бизнеса" заменить словами "и защите конкуренции";
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) в четвертом квартале года, предшествующего планируемому, государственные органы, осуществляющие владение и пользование государственными пакетами акций национальных компаний, обеспечивают внесение для утверждения в Правительство Республики Казахстан проектов Планов национальных компаний.".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан