Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысымен  
бекітілген     

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу
ережесі мен мерзімдері

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдері (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.
      2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
      3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
      4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
      5. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
      Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
      6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.
      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
      7. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы

      8. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары;
      2) экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджет саясатының орта мерзімді кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері;
      3) экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджет саясатының бес жылға арналған негізгі бағыттары мен шаралары;
      4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы (қосымша түрінде);
      5) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы (қосымша түрінде);
      6) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;
      7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде);
      8) жоспарлы кезеңге арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар тізбесі (қосымша түрінде).
      9. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      10. Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
      11. Жоспарлы кезеңге арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар тізбесі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
      12. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысаны, тізбесі, сондай-ақ жауапты орындаушылар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      13. Шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығарады.
      14. Шартты қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      15. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:
      1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, үрдістері, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері;
      2) үш жылға арналған:
      тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін (қосымша түрінде);
      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін (қосымша түрінде) қамтуы тиіс бюджет параметрлері.
      16. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджет параметрлерінің болжамы индикативті сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістерін, бюджет мониторингі мен нәтижелерді бағалауды, басқа да ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін.

3. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде
әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

      17. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзірлеу жүзеге асырылады:
      1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне, бөлім құрылымына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар береді;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлейді және оны әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдайды;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган РБК мақұлдағаннан кейін екі күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын жолдайды;
      Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжам жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялардың, шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей бюджеттік өтінімдер шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі жобасына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялар, оның ішінде нысаналы трансферттер (өңірлік даму жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген) бойынша ұсыныстар жолдайды;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтары негізінде және орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын:
      РБК-да орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша қалыптастырады.
      3) жоспарланатын кезең алдындағы жылдың шілде айында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
      4) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға нақтыланған көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне ақпаратты ұсынады;
      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын нақтылайды және оны әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің нақтыланған сценарийлік болжамын жолдайды;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен алынған жоспарланатын кезең алдындағы кезеңдегі ресми есептік деректердің негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын әзірлейді;
      8) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган басым республикалық бюджеттік инвестициялар мен шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және РБК қарауына енгізеді;
      9) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар мен шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;
      10) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.

4. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде
әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

      18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен бірінші кезеңде РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдері құрылымының, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын және басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
      Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау, болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезең алдындағы жылдың қыркүйегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен екінші кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне ұсыныстар және көрсеткіштерді нақтылауды ұсынады;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпараттың негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет қаражаты есебінен басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;
      4) басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 қазаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі мақұлдайды.
      19. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 сәуірге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлейді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      Екінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 қазаннан кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі мақұлдайды.

5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді
әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету

      20. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      21. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу бойынша әдіснамалық ұсынымдарда әзірлейді.

Әлеуметтік-экономикалық    
даму болжамын        
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
1-қосымша          

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің
тізбесі

1. Бес жылдық кезеңге арналған

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылды бағалау

Болжам

Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 4-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 5-ші жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ЖІӨ, млрд. теңге







2

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда %







3

ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.







4

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ ресми бағам бойынша, АҚШ долл.








Экономика салаларының ЖҚҚ

5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, алдыңғы жылға қарағанда %







6

Өнеркәсіп, алдыңғы жылға қарағанда %







7

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің карьерлерін әзірлеу, алдыңғы жылға қарағанда %







8

Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн. тонна







9

Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға қарағанда %







10

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, алдыңғы жылға қарағанда %







11

Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі АҚШ долл.







12

Құрылыс, алдыңғы жылға қарағанда %







13

Көлік және қоймаға жинақтау, алдыңғы жылға қарағанда %







14

Ақпарат және байланыс, алдыңғы жылға қарағанда %







15

Сауда, алдыңғы жылға қарағанда %







16

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге







17

Негізгі капиталға инвестициялар, алдыңғы жылға қарағанда %








Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері

18

Экономикаға ЕДБ кредиттері, млрд. теңге, кезең соңына







19

Резиденттердің депозиттері, кезең соңына млрд. теңге







20

Ақша массасы, кезең соңына млрд. теңге







21

Инфляция, кезең соңына, %







22

Экономиканы монеталандыру деңгейі, %







23

Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % (кезең соңына)








Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

24

Тауар экспорты, млн. АҚШ долл.







25

Тауар импорты, млн. АҚШ долл.







26

Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл.







27

Ағымдағы шот, млрд. АҚШ долл.







28

Ағымдағы шоттың сальдосы, ЖІӨ-ден %








Әлеуметтік саланың көрсеткіштері

29

Экономикалық белсенді тұрғындар саны, мың адам







30

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам







31

оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам







32

Жұмыссыздар саны, мың адам







33

Экономикалық белсенді тұрғындарға қарағанда, жұмыссыздық деңгейі %







34

Кадрларға қажеттілік, барлығы, мың адам







35

оның ішінде ҮИИДМБ шеңберіндегі қажеттілік, мың адам







36

Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге







37

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге







38

Нақты жалақы индексі, алдыңғы жылға қарағанда %







39

Айлық есептік көрсеткіш, теңге







40

Зейнеткерлер саны, мың адам.







41

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге







42

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге







43

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге







44

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі, %







45

Орта техникалық білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам







46

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам







2. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер болжамы

                                                          млрд. теңге

Бюджет көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіштер атауы

1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылғы бағалау

Болжам

Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік бюджет

1

Түсімдер





2

ЖІӨ-ге қарағанда %





3

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)





4

ЖІӨ-ге қарағанда %





5

Салықтық түсімдер





6

Салықтық емес түсімдер





7

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





8

Трансферттер түсімдері





9

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт





10

Бюджет кредиттерін өтеу





11

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер





12

Шығыстар





13

ЖІӨ-ге қарағанда %





14

Алдыңғы жылға қарағанда %





15

Тапшылық





16

ЖІӨ-ге қарағанда %





17

Мұнай емес тапшылық





18

ЖІӨ-ге қарағанда %





Республикалық бюджет

19

Түсімдер





20

ЖІӨ-ге қарағанда %





21

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)





22

ЖІӨ-ге қарағанда %





23

Салықтық түсімдер





24

Салықтық емес түсімдер





25

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





26

Трансферттер түсімдері





27

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт





28

кері трансферт





29

бюджеттік алып қоюлар





30

Бюджет кредиттерін өтеу





31

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер





32

Шығыстар





33

ЖІӨ-ге қарағанда %





34

Алдыңғы жылға қарағанда %





35

Тапшылық





36

ЖІӨ-ге қарағанда %





37

Мұнай емес тапшылық





38

ЖІӨ-ге қарағанда %





      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
      ЖҚҚ – жалпы қосылған құн
      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
      ҮИИДМБ – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Әлеуметтік-экономикалық   
даму болжамын        
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
2-қосымша          

Басым бағыттар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

Бағыттың атауы

Іске асыру кезеңі

Қаржыландыру көзі*

Жалпы құны
(мың теңге)

Жоспарланатын жылға дейін барлығы (мың теңге)

Жоспар
(мың теңге)

3-ші жоспарланатын жылдан кейін
(мың теңге)

1-ші есепті жылға дейін

1-ші есепті жыл

2-ші жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

1-ші жоспарланатын жыл

2-ші жоспарланатын жыл

3-ші жоспарланатын жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Барлығы:























































      * - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып

Мемлекеттік бағдарламалар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге
арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

Атауы

ББӘ атауы

Іске асыру кезеңі

Қаржыландыру көзі*

Жалпы құны
(мың теңге)

Жоспарланатын жылға дейін барлығы (мың теңге)

Жоспар (мың теңге)

3-ші жоспарланатын жылдан кейін
(мың теңге)

1-ші есепті жылға дейін

1-ші есепті жыл

2-ші жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

1-ші жоспарланатын жыл

2-ші жоспарланатын жыл

3-ші жоспарланатын жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





Барлығы:








1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар





Жиыны:












































2. Жарғылық капиталды ұлғайту арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар





Жиыны:












































3. Нысаналы даму трансферттері





Жиыны:












































4. Кредит беру





Жиыны:












































      * - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып

Әлеуметтік-экономикалық    
даму болжамын         
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
3-қосымша           

Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстар
тізбесі

Р/с

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы

Шығыстардың атауы

Сомасы, млн. теңге

1

2

3

4


Жиыны:







Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 345-құжат).
      4. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 748 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 389-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 331-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1080 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 458-құжат).
      8. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады