Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 845 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 257  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде:
      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "802700000 (сегіз жүз екі миллион жеті жүз мың)" деген сөздер "830783000 (сегіз жүз отыз миллион жеті жүз сексен үш мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "547700000 (бес жүз қырық жеті миллион жеті жүз мың)" деген сөздер "575783000 (бес жүз жетпіс бес миллион жеті жүз сексен үш мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2004 года N 257

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2004 года N 845

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление  Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2004 года N 257 "Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения (интереса) по кредитам, выдаваемым банками второго уровня предприятиям по переработке сельскохозяйственной продукции на пополнение их оборотных средств" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 11, ст. 137) следующие изменения:
      в Правилах субсидирования ставки вознаграждения (интереса) по кредитам, выдаваемым банками второго уровня предприятиям по переработке сельскохозяйственной продукции на пополнение их оборотных средств, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 3:
      в абзаце первом слова "802700000 (восемьсот два миллиона семьсот тысяч)" заменить словами "830783000 (восемьсот тридцать миллионов семьсот восемьдесят три тысячи)";
      в подпункте 2) слова "547700000 (пятисот сорока семи миллионов семисот тысяч)" заменить словами "575783000 (пятисот семидесяти пяти миллионов семисот восьмидесяти трех тысяч)".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан