"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарды мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы N 257 қаулысымен бекiтiлген |
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленген және өндiрiстiк мақсаттар үшiн екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер (Банк) ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың (бұдан әрi - Қарыз алушылар) айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер (бұдан әрi - Кредиттер (Кредит) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау (бұдан әрi - Субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Субсидиялау ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың дамуын қолдау шарасы болып табылады және Банктерге Қарыз алушылар Кредиттер бойынша сыйақы ретiнде төлейтiн төлемдер сомасын iшiнара арзандату мақсатында жүзеге асырылады.
3. Субсидиялау 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген жалпы сомасы 830783000 (сегіз жүз отыз миллион жеті жүз сексен үш мың) теңге қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен жүзеге асырылады, соның iшiнде:
1) 255000000 (екi жүз елу бес миллион) теңгеге дейiнгiсi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Бағдарлама әкiмшiсi) өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеуге көзделедi;
2) кемiнде 575783000 (бес жүз жетпіс бес миллион жеті жүз сексен үш мың) теңге осы Ереженiң 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртiппен 2004 жылы Бағдарлама әкiмшiсi айқындайтын Банктер Кредиттер берген сәттен бастап есептелген сыйақы (мүдде) сомасын субсидиялауға бағытталады. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 845 қаулысымен .2. Бағдарлама әкімшісінің өткен жылғы бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу тәртiбi
4. Бағдарлама әкiмшiсiнiң өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу 2003 жылы Банктермен жасалған субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте 2004 жылы Банкке төлеуге жататын Субсидиялаудың жалпы сомасы 2003 жылы Бағдарлама әкiмшiсi белгiлеген, Банкке төлеуге жататын Субсидиялаудың жылдық сомасы мен Банк 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражатынан алған Субсидиялаудың сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. 2004 жылы Бағдарлама әкімшісі айқындайтын банктердің
сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртібі
5. Бағдарлама әкiмшiсi Қарыз алушыларға Банктер беретiн Кредиттер бойынша Субсидиялауға арналған Қаражатты мынадай:
1) ет өңдеу;
2) сүт өңдеу;
3) терi шикiзатын және жүн өңдеу;
4) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балалар тағамдарын өндіру;
5) майлы дақылдарды өңдеу және өсiмдiк майын өндіру;
6) дәндi дақылдарды өңдеу iшкi салалары (лоттар) бойынша бөледi.
6. Бағдарлама әкiмшiсi Субсидиялауды жүзеге асыру үшiн алдын ала барлық Банктерге шақыру жiбередi және 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтін кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасын iске асыруға қатысушы Банктерді iрiктеудi мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырады:
1) Қарыз алушыға берiлетiн Кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейi жылдық 17 (он жетi) пайыздан аспауы тиiс;
2) Қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын Қарыз алушылар өтiнiмдерiнiң қалыптасқан портфелiнiң болуы;
3) Банктiң ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтін кәсiпорындармен оң жұмыс тәжiрибесi;
4) республикалық бюджеттiң қаражаты есебінен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектің болмауы;
5) iрiктеу өткiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) пруденциалдық нормативтерiн сақтауы;
6) Уәкiлеттi орган белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдары ең төменгі мөлшерiнiң лимиттерін сақтауы;
7) филиалдық және/немесе корреспонденттік желiлердiң болуы.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуi 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтiн кәсiпорындарға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасын iске асыруға Банктердi қатыстырмауға негiз болып табылады.
7. Бағдарлама әкiмшiсi осы Ереженің 6-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген талаптарға Банктің сәйкестiгiн тексеру үшiн жазбаша сұрау салумен Уәкiлеттi органға жүгiнедi.
8. 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасын iске асыруға қатысу үшiн Банктердi iрiктеудi жүзеге асырудың тәртiбiн, сондай-ақ әрбiр лот бөлiнiсiнде қатысушылар айқындаған Банктердiң тiзбесiн Бағдарлама әкiмшiсi бекiтедi.
9. Лоттар бойынша Қаражатты, сондай-ақ әрбiр Банктiң лоттағы үлесiн бөлудi Бағдарламаның әкiмшiсi осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмейтiн ретiнде Бағдарламаның әкiмшiсi қабылдаған, әрбiр лот бойынша Қарыз алушыларға беруге жататын Кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесiмдi түрде жүргiзедi.
10. Банкiлер Қарыз алушыларды оларға қойылатын мынадай талаптарды ескере отырып, дербес айқындайды:
1) Қазақстан Республикасының резидентi;
2) Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ Банк бұрын берген кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы;
3) негiзделген бизнес-жобаның болуы;
4) өнеркәсiптік технологиялар мен жабдықтарды пайдалануы;
5) өндiрiске ұсынылатын өнiм үшiн өткiзу нарығының болуы және оның сыйымдылығы;
6) отандық тауар өндiрушiден өндiрiстiк мақсаттарға қажетті ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алуы.
11. Қарыз алушыға осы Ережеге сәйкес Банкке (Банктерге) Субсидиялау жүзеге асырылатын бiр ғана Кредит берiлуi мүмкiн.
12. Республикалық бюджеттен берiлетiн Субсидиялау сомасы он екi айға дейiн мерзiмге берiлген Кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80%-ына дейiнiн құрайды, оның сомасы 150000000 (бiр жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиiс. Бұл ретте кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық Қарыз алушылар үшiн тең болуы тиiс.
13. Iрiктеудiң қорытындысы бойынша Бағдарлама әкiмшiсi қатысушы Банктердiң тiзбесiн бекіткен күннен бастап 20 күнтізбелік күн iшiнде Банктер Қарыз алушыларға Кредиттер бередi.
14. Қарыз алушыларға Банктер кредиттердi бергеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күн iшiнде Бағдарлама әкiмшiсi мен Банктер арасында Қаражат аудару тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн, Қарыз алушылардың тiзбесiн және өзге де шарттарды көздейтін Субсидиялауға арналған шарттар жасалады.
15. Бағдарлама әкiмшiсiне Қаражат бөлу кейiннен оларды Банктiң есеп шотына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
16. Бағдарлама әкiмшiсi Субсидиялауды Банкке мынадай тәртiппен:
2004 жылы есептелуге жататын сыйақы бойынша - тоқсан сайын аванстық төлеммен;
2005 жылы есептелуге жататын сыйақы бойынша - 2004 жылдың желтоқсан айы iшiнде аванстық төлеммен аударады.
17. Субсидиялау Бағдарлама әкiмшiсi мен Банктер арасындағы Субсидиялауға арналған шарттың талаптарына сәйкес Банк Бағдарлама әкiмшiсiне республикалық бюджеттен Банктiң есеп шотына қаражат аударуға арналған өтiнiмнiң бағдарламасын ұсынған кезде төленедi.
4. Қорытынды ережелер
18. Қарыз алушы Банкке сыйақы (мүдде) төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатқан немесе Қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелерiн бұзған жағдайда Банк бес күнтiзбелiк күн iшiнде Бағдарлама әкiмшiсiне осы туралы хабарлауға мiндеттi. Осы жағдайда Субсидиялау Бағдарлама әкiмшiсiне көрсетiлген жағдайлардың басталғаны туралы белгiлi болған сәттен бастап тоқтатылады.
19. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес Субсидиялау ретiнде алынған Қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн Банктер жауап бередi.
20. Кредиттi уақтылы және толық қайтару, Кредит бойынша сыйақыны төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қарыз алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес Банктердiң алдында жауап бередi.