Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі арасында Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахат Мұхтарұлы Әлиевке" деген сөз "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі