"Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсімдердің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшін жабдықтар лизингіне кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 236 қаулысына сәйкес бөлiнетiн, 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 012 "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингін кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен кредиттер алуға қарыз алушы банктер болып мынадай ұйымдар белгіленсін:
1) "Сүтті қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Ақ Бұлақ" кредиттiк серiктестігi" жауапкершілiгi шектеулі серiктестiгi:
кредит сомасы - 135000000 (бip жүз отыз бес миллион) теңге;
кредит мерзiмi - 7 жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%.
2) "Етті қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Валют-Транзит Банк" акционерлік қоғамы:
кредит сомасы - 20980000 (жиырма миллион тоғыз жүз сексен мың) теңге;
кредит мерзiмi - 7 жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%.
3) "Көкөнiс, жемiс және жүзiмдi қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Валют-Транзит Банк" акционерлік қоғамы:
кредит сомасы - 135000000 (бір жүз отыз бес миллион) теңге;
кредит мерзiмi - 7 жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Ақ Бұлақ" кредиттiк серiктестігi" жауапкершілiгi шектеулi cepiктестігі (келiсiм бойынша), "Валют-Транзит Банк" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiсті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі