Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 951 қаулысымен.
2004 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрi Зағипа Яхияқызы Балиеваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкілеттік берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.20. N 482 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама
1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартының ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес оның құзыреттi органдары қамтамасыз етуі тиiс екендігін мойындай отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiн өзара құрметтеу қағидатын негiзге ала отырып,
"Байқоңыр" кешенiнiң аумағында Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдары өзара iс-қимылының құқықтық негiзiн жетiлдiрудi қалай отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1. Келiсiмнiң 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап
Осы Келiсiмде пайдаланылған ұғымдардың мынадай мәндерi бар:
"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары" - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын құзыреттi органдар;
"Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары" - Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын құзыреттi органдар;
"Қазақстан Республикасының заң құзырындағы адамдар" - Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркелген үшiншi мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
"Ресей Федерациясының заң құзырындағы адамдар" - Ресей Федерациясының азаматтары, Ресей Федерациясында және/немесе "Байқоңыр" кешенiнде тiркелген үшiншi мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар және "Байқоңыр" кешенi аумағындағы өзге де адамдар.".
2. Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағындағы және 6-бабы 1-тармағының екiншi сөйлемiндегi "Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздер "құқық қорғау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Келiсiмнiң 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап
1. "Байқоңыр" кешенi аумағында жасалған құқық бұзушылықтар туралы iстер мен материалдарды, егер осы Келiсiмде өзгеше көзделмесе, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары қарайды.
"Байқоңыр" кешенi аумағында қылмысты Қазақстан Республикасының заң құзырындағы адамдар жасаған жағдайларда Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары шұғыл әрекеттер жүргізгеннен кейiн icтep мен материалдарды, сондай-ақ тиiстi адамдарды Тараптар мемлекеттерiнiң "Байқоңыр" кешенi аумағындағы прокуратура органдары арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына бередi.
2. Қазақстан Республикасының заң құзырындағы адамдар "Байқоңыр" кешенi аумағында "Байқоңыр" ғарыш айлағының жердегi ғарыштық инфрақұрылымы объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне байланысты қылмыстарды жасаған жағдайларда Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары кейiннен айып тағылғанға дейiн қозғалған қылмыстық iстердi, сондай-ақ оларға қатысты аталған қылмыстық iстер қозғалған адамдарды Тараптар мемлекеттерiнiң "Байқоңыр" кешенi аумағындағы прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалауды жалғастыру үшiн Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына бере отырып алдын ала тергеудi жүргiзедi.
3. "Байқоңыр" кешенi аумағында бiр мемлекеттiң заң құзырындағы адамдар екiншi мемлекеттiң конституциялық құрылысы негiздерi мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар жасаған жағдайларда екiншi Тарап мемлекетiнiң заңнамасы қолданылады және құзыреттi органдары әрекет етедi.".
4. Келiсiмнiң 6-бабының 2-тармағы мынадай редакциядағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заң құзырына жататын iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын, iс жүргiзу және өзге де әрекеттердi "Байқоңыр" кешенi аумағында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының сұратуы бойынша Ресей федерациясының құқық қорғау органдары, не Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүргізедi.".
5. Келiсiмнiң 7-бабының 1-тармағында "Байқоңыр" кешенi аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Ресей Федерациясының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздер "Ресей Федерациясының заң құзырындағы адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Келiсiмнiң 7-бабының 2-тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң құзырындағы адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Келiсiмнiң 10-бабы мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
"2. "Байқоңыр" кешенiнде жасаған қылмыстары үшiн Ресей Федерациясының соты бас бостандығынан айыруға соттаған және Ресей Федерациясында жазасын одан әрi өтеу үшiн жiберiлген Ресей Федерациясының заң құзырындағы адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу үшiн жiберiлетiн күдiктiлер мен айыпталушылар осы санаттағы адамдарды беру және табыстаудың белгiленген ережесi сақталмастан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы этаппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 1 және 2-тармағында көрсетiлген iс-әрекеттердi орындауға арналған құжаттарды Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенi аумағында орналасқан iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуроры белгiлейтiн уәкiлеттi прокурордың келiсiмi бойынша тiкелей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшесiне жiбередi.".
8. Келiсiмнiң 10-бабының 2-тармағы тиiсiнше 4-тармақ болып саналсын.
9. Келiсiмнiң 11-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жазаларды орындау осы Келiсiмнiң 12-бабының 2-тармағына сәйкес олар бойынша функцияларды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Өкiлдiгi жүзеге асыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ресей Федерациясының заң құзырындағы адамдар Ресей Федерациясының аумағында жазасын өтейдi.
Қазақстан Республикасының заң құзырындағы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтейдi.".
10. Келiсiмнiң 12-бабы 1-тармағының екiнші абзацы алынып тасталсын.
11. Келiсiмнiң 12-бабы мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдары осы бапта көрсетiлген берiлген және күшi жойылған лицензиялар мен рұқсаттар туралы мәліметтермен алмасуды жүзеге асырады.".
Осы Хаттама Келiсiмiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Келiсiмнiң 15-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.
2004 жылғы "__" ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшін Yкіметі үшін