1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық корғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 951 Қаулысы

      2004 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы  меморандумның  1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Зағипа Яхияқызы Балиеваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1036  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 қазандағы N 1030 және 2004 жылғы 7 қазандағы N 1036 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы N 482  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 30 қыркүйектегі
N 951 қаулысымен    
мақұлданған   

      Жоба

  1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi
      2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумның ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қалай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Келiсiмге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-баптың үшiншi абзацында:
      "өкiлдiктерi" деген сөз "өкiлдiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк тергеу комитетi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес құқық тәртiбiн қолдауда өзара көмек көрсетуге байланысты мәселелердi шешкен кезде Тараптардың құқық қорғау органдары берумен байланысты мәселелердi қоспағанда, өзара қарым-қатынастарды тiкелей орнатады";
      3) 4-баптың 2-тармағында:
      "өкiлдiктерi құрылады" деген сөздер "өкiлдiгi құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк тергеу комитетi мен", "Мемлекеттiк тергеу комитетi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап

      1. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында жасалған құқық бұзушылықтар туралы iстер мен материалдарды, егер осы Келiсiмде өзгеше көзделмесе, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары қарайды.
      2. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында қылмыстарды Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында ("Байқоңыр" кешенiнiң аумағын қоспағанда) тiркелген азаматтығы жоқ адамдар жасаған жағдайда Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары алдын ала тергеу не анықтау шеңберiнде қажеттi iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзгеннен кейiн iстер мен материалдарды, сондай-ақ тиiстi адамдарды Тараптар мемлекеттерiнiң "Байқоңыр" кешенiнiң аумағындағы прокуратура органдары арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына бередi.
      3. Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдары бiрiн-бiрi осы Келiсiм шеңберiнде тапсырылған iстер мен материалдар бойынша талқылау нәтижелерi туралы хабардар етедi.
      4. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар екiншi Тарап мемлекетiнiң конституциялық құрылыс негiздерi мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар жасаған жағдайда осы екiншi Тарап мемлекетiнiң заңнамасы бойынша жауапкершiлiкке тартылады және бұл ретте екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi құқық қорғау органдары әрекет етедi.";
      5) 6-баптың 1-тармағында:
      "өкiлдiктерi" деген сөз "өкiлдiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк тергеу комитетi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Осы өкiлдiктердiң ережелерiн" деген сөздер "Осы өкiлдiктiң ережелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заң құзырына жататын iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын, iс жүргiзу және өзге де әрекеттердi "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен келiскеннен кейiн Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары не Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүргiзедi.";
      6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап

      1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына және Ресей Федерациясының және (немесе) "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында тiркелген азаматтығы жоқ адамдарға, "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға қатысты қылмыстық iс қозғалған кезде "Байқоңыр" кешенiнiң аумағынан тыс жерде ұсталғанда немесе қамауға алынғанда бұл туралы Ресей Федерациясының тиiстi құқық қорғау органдарына тезарада хабарлайды.
      2. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық iс қозғалған кезде "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында жасаған қылмысы үшiн ұсталғанда немесе қамауға алынғанда Қазақстан Республикасының тиiстi құқық қорғау органдарына бұл туралы хабарлайды.";
      7) 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап

      1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының аумағында ұсталғандарды, тергеудегiлердi, сотталушыларды және сотталғандарды айдап апаруда және этаппен жүргiзуде бiр-бiрiне жәрдемдеседi.
      2. Ресей Федерациясының немесе Қазақстан Республикасының аумағында iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу үшiн жiберiлетiн күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және Ресей Федерациясының аумағында және (немесе) "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында тiркелген азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында Ресей Федерациясының сотымен бас бостандығынан айырылып сотталғандар және Ресей Федерациясында бұдан әрi жазасын өтеуге жiберiлгендер Қазақстан Республикасының аумағына немесе сол арқылы осы баптың 4-тармағының ережелерiн ескере отырып, осы санаттағы адамдарды беру мен табыстаудың белгiленген ережелерiн сақтамай этаппен жүргiзiледi.
      3. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары қамауға алған (соттаған) адамдарды айдауылдау және этаппен жүргiзу Ресей Федерациясының заңнамасында белгiленген тәртiпке және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген әрекеттердiң орындалуы туралы құжаттарды "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында орналасқан Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуроры уәкiлеттiк берген Байқоңыр қаласы прокурорының келiсiмi бойынша тiкелей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшесiне жiбередi.

11-бап

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жазаларды орындау осы Келiсiмнiң 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi өкiлдiгiнiң құзыретiне жататын салалардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және Ресей Федерациясының аумағында және (немесе) "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында тiркелген азаматтығы жоқ адамдар "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында жасаған қылмыстары үшiн қылмыстық жазаны, егер ол "Байқоңыр" кешенi аумағында орындалмайтын болса, Ресей Федерациясының аумағында өтейдi.
      Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтығы жоқ адамдар "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында жасаған қылмыстары үшiн қылмыстық жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтейдi.";
      8) 12-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда автомотокөлiк құралдары, "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында тiркелген және берiлген аңшылық атыс қаруына лицензиялар мен рұқсаттар туралы мәлiметтермен алмасуды жүзеге асырады.".

  2-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң 15-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi және Келiсiм қолданысы тоқтағанға дейiн әрекет етедi.

      200_ жылғы "___" ______  _________ әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының      Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн                   Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады