"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық
заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 қазандағы
N 1064 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы
1. Телекоммуникациялар қызметтерi
1) Байланыс операторлары үшiн телефон трафигін өткiзу қызметтерi:
жергiлiктi телефон трафигiн өткiзу;
аймақiшiлiк телефон трафигiн өткiзу;
қалааралық телефон трафигiн өткiзу;
халықаралық телефон трафигiн өткiзу;
ұялы операторлардың желiлерiнен/желілерiне телефон трафигiн өткiзу.
2. Телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтер
1) Байланыс операторларының телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу жөнiндегi қызметтер:
жергiлiктi деңгейде;
аймақiшiлiк және қалааралық деңгейде;
қалааралық және халықаралық деңгейде.
2) Инфрақұрылым элементтерiн (технологиялық мүлiктi) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу үшiн байланыс операторларына:
байланыс (icкe қосылмаған оптикалық талшықтардан басқа) желiлерi мен кәбiлдерiн;
телефон кәрiзiн;
үй-жайларды, құрылыстарды және байналыс тiреулерiн жалға беру.
3) Байланыс операторларына арналарды (ұқсас және сандық) жалға беру жөнiндегi қызметтер:
жергiлiктi деңгейде;
аймақiшiлiк деңгейде;
қалааралық деңгейде;
халықаралық деңгейде.