Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларды қайтарып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 тамыздағы N 813 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі