Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларды қайтарып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 813 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

      1. Бұрын лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептердiң белгiленген мерзiмде жойылмауына байланысты қоса берілiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар қайтарып алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі осы қаулыны орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2003 жылғы 13 тамыздағы       
N 813 қаулысына          
қосымша               

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына
қайтарылып алынатын лицензиялардың тiзбесi 

      Ескерту. Тізбеден 2-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N 1156  қаулысымен .

__________________________________________________________________
Р/с| Лицензия | Жер қойнауын |  Лицензияның атауы, жер қойнауын
N | (сериясы,| пайдаланушы  | пайдалану объектiлерiнiң орналасқан
   | нөмiрi,  |              |  жерi (лицензияны беру сәтiндегi
   | берiлген |              |         жағдай бойынша)
   | күнi)    |              |
__________________________________________________________________
1 |     2    |       3      |                  4
__________________________________________________________________
1  Сериясы АИ  "Ингалит"      Атырау облысындағы Индер өзенi кен
    N 388Д      бiрлескен      орынының ас тұзын өндiру
    1999 жылғы  кәсiпорны
    10 қыркүйек жауапкершiлiгi
                шектеулi
                ceріктестiгi

2 <*>

3   Сериясы ГКИ "Бесшоқы"      Павлодар облысындағы Бесшоқы
    N 845Д      бiрлескен      аймағында алтын және түстi металдарды
    (алтын және кәсiпорны      кейiннен коммерциялық табуларды
    түстi       жауапкершiлiгi әзiрлей отырып барлау
    металдар)   шектеулi
    1998 жылғы  серiктестiгi
    19 ақпан

4   Сериясы МГ  "Кварц" алтын  Талдықорған облысының Көксу
    N 181       өндiру         ауданындағы Далабай кен орнында
    1995 жылғы  кәсiпорны      барланған қорларды геологиялық
    07 маусым                  зерделеу және әзiрлеу

5   Сериясы МГ  "Волластон-І"  Жезқазған облысының Шет ауданындағы
    N 317Д      жауапкершілігі Сюрприз волластониттi кен орнын
    (воллас.    шектеулi       әзiрлеу
    тонит)      серiктестiгi
    1997 жылғы
    04 желтоқ.
    сан

6   Сериясы МГ  "Ұлжан"        Талдықорған облысының Гвардейск
    N 1044Д     жауапкершiлiгi ауданындағы Ақжар учаскесiнде
    (алтын)     шектеулi       анықталған коммерциялық табуларды
    1996 жылғы  серiктестiгi   барлау және кейiннен әзiрлеу
    20 қыркүйек

7   Сериясы МГ  "Ағадыр" жабық Жезқазған облысының
    N 333Д      акционерлiк    Тоқырау-Жаман-Сарысу алаңының шегiнде
    (қымбат     қоғамы         қымбат бағалы және түстi металдарды
    бағалы және                барлау және кейiннен әзiрлеу
    түстi
    металдар)
    1996 жылғы
    09 қыркүйек

8   Сериясы МГ  "Октябрьдiң    Семей облысының Аягөз ауданындағы
    N 799       60 жылдығы"    Барит кен орны алаңын геологиялық
    (алтын)     алтын iздеу    зерделеу және барланған алтын
    1995 жылғы  артелi         қорларын кейiннен өндiру
    11 желтоқсан

9   Сериясы МГ  "Октябрьдiң    Семей облысының Аягөз ауданындағы
    N 300       60 жылдығы"    Аягөз кен орны аумағын геологиялық
    (алтын)     алтын iздеу    зерделеу және барланған алтын
    1995 жылғы  артелi         қорларын кейiннен өндiру
    11 желтоқсан

10  Сериясы МГ   "Би-Эйч-Пи    Қарағанды облысындағы Батыс Балқаш
    N 700ДД      Минералз      алаңында алтын мен мысты барлау
    (алтын, мыс) Интернэшнл
    1997 жылғы   Эксплорэйшн
    04 желтоқсан Инк"
                 корпорациясы

11  Сериясы МГ   "Ивикон-      Шығыс Қазақстан облысындағы
    N 1310       Алтын-Инвест" Ақбастау-Қосмұрын аймағының
    (алтын)      жабық акцио.  оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде алтынды
    1997 жылғы   нерлiк қоғамы барлау
    04 желтоқсан

12  Сериясы МГ   "Гракс"       Шығыс Қазақстан облысының
    N 214        акционерлiк   Марқакөл ауданындағы
    1995 жылғы   қоғамы        лицензиялық аумақты геологиялық
    7 сәуiр                    зерделеу, анықталған коммерциялық
                               объектiлерде алтын мен сирек
                               металдарды барлау және әзiрлеу
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады