Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына (келiсiм бойынша) Астана қаласының жаңа орталығында "Министрлiктер үйi" объектiсiн салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 886 қаулысын іске асыруға байланысты шығындарды "KUAT" корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамына iшiнара өтеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 1000000000 (бip миллиард) теңге бөлiнсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.13. N 1307 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі