Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1179 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1179  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      1-тармақтағы "Астана қаласының жаңа орталығында "Министрлiктер үйi" объектiсiн салуға" деген сөздер "Астана қаласының жаңа орталығында "Министрлiктер үйi" объектiсiн салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 886  қаулысын іске асыруға байланысты шығындарды "KUAT" корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамына iшiнара өтеуге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады