Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Астана қаласының әкiмдiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Астана қаласының жаңа орталығында "Министрлiктер үйi" объектiсiн (бұдан әрi - Объект) салу мақсатында мемлекет мұқтаждары үшiн "KUAT" корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамынан (бұдан әрi - "KUAT" корпорациясы" ААҚ) жер учаскесiн алуды қамтамасыз етсiн.
2. Сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтерді берушi:
"KUAT" корпорациясы" AAҚ-тың құрылысы аяқталмаған әкiмшiлiк-тұрғын үй кешенiнiң (бұдан әрi - аяқталмаған кешен) негiзiнде Объектiнi жобалау алдындағы, жобалау құжаттамасын әзiрлеу және салу бойынша "KUAT" корпорациясы" ААҚ;
аяқталмаған кешендi экономикалық бағалау бойынша "Қазақстанаудит" BDO" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына (келiсiм бойынша) "KUAT" корпорациясы" ААҚ-тың аяқталмаған кешенiне бағалау жүргiзе отырып, Объектiнi салудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттiк бағдарламасы қаражатының есебiнен 10000000 (он миллион) теңге бөлiнсiн.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде объектiнi салудың техникалық-экономикалық негiздемесiн ұсынсын;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасассын;
3) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды қамтамасыз етсiн;
4) Объектiнi жобалау және оны салуды қаржыландыруға көзделген қаражатты бюджеттiк өтiнiмге енгiзудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі