"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Гарвард университетiнiң Халықаралық даму орталығы "Макроэкономикалық саясатты талдау және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының мақсаттарын ескере отырып, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" тақырыбына арналған зерттеу жүргiзу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi берушi болып белгiленсiн.
2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес зерттеу жүргiзу бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі