Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1196 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Гарвард университетiнiң Халықаралық даму орталығы "Макроэкономикалық саясатты талдау және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының мақсаттарын ескере отырып, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" тақырыбына арналған зерттеу жүргiзу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi берушi болып белгiленсiн.

      2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес зерттеу жүргiзу бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады