Қазақстан Республикасы Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қызмет бейiнiн сақтауды негiзгi шарт етіп белгiлей отырып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлiктiк кешенiн тендерде сатуды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі