Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1255 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қызмет бейiнiн сақтауды негiзгi шарт етіп белгiлей отырып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлiктiк кешенiн тендерде сатуды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады