Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1276 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28. N 296 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіптік орта және жоғарғы білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 404-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.".