Ескерту. Мәтін бойынша "протездiк-ортопедиялық бұйымдармен" деген сөздер "протездiк-ортопедиялық" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.03. N 994 қаулысымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мүгедек адамдарды оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар протездiк-ортопедиялық және есту протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi 2006 жылға арналған берушілер болып белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.25. N 703 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Жергіліктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген кәсiпорындармен мүгедектердi протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1341 қаулысына
қосымша
Мүгедек адамдарды протездiк-ортопедиялық және
есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметтердi беруші заңды тұлғалардың тiзбесi
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.25. N 703 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
____________________________________________________________________
N Қызметтердi берушінiң атауы | Әкiмшілiк-аумақтық
| бiрлiктер
______________________________________|_____________________________
1 2 | 3
____________________________________________________________________
1. Петропавл протездік-ортопедиялық Ақмола облысы
орталығы" акционерлiк қоғамы Солтүстiк Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Астана қаласы
2. Семей протездiк-ортопедиялық Шығыс Қазақстан облысы
орталығы" акционерлiк қоғамы
"Шығыс Қазақстан облыстық
протездiк-ортопедиялық орталығы"
коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорны
3. Семей протездiк-ортопедиялық Павлодар облысы
орталығы" акционерлiк қоғамы
4. Алматы протездiк-ортопедиялық Ақтөбе облысы
орталығы" акционерлiк қоғамы Алматы облысы
Атырау облысы
Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Алматы қаласы
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек Ақмола облысы
және халықты әлеуметтiк қорғау Ақтөбе облысы
министрлiгiнiң республикалық есту Алматы облысы
қабiлетiн түзеу орталығы" Атырау облысы
республикалық мемлекеттiк Шығыс Қазақстан облысы
қазыналық кәсiпорны Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Солтүстiк Қазақстан облысы
Павлодар облысы
Маңғыстау облысы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Астана қаласы
Алматы қаласы
____________________________________________________________________