Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1341 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 703 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1341  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ "қызметтердi" деген сөзден кейiн "2006 жылға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы";

      реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны" деген сөздер "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы";

      реттiк нөмiрi 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады