Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың "Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестiк әрекет құрбандарын еске алу және лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы" 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 495 өкiмiнiң 3-тармағын icке асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Ресей Федерациясының Үкiметiне Беслан қаласында перзентхана салуға көмек көрсету үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 131160000 (бip жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.02. N 1044 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, көрсетiлген қаражатты айырбастасын және оларды белгіленген тәртiппен Ресей федерациясының Үкiметi белгiлеген шотқа аударсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
1) дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясының Үкiметiн Қазақстан Республикасы Үкiметінiң көмек көрсеткені туралы хабардар етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiн бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі