Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандарын еске алу және лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 495 Өкімі

      Ресей халқымен ынтымақтастық және Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандары үшін қайғырудың белгісі ретінде:

      1. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 7 қыркүйекте 12.00 сағатта Жалпыұлттық бір минут үнсіздік жариялансын.

      2. Оқу орындарында, әскери бөлімдерде, меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдарда Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекет құрбандары Бір минут үнсіздікпен еске алынсын.
      Жалпыұлттық бір минут үнсіздік кезінде Қазақстан Республикасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына өз хабарларын беруді тоқтатып, Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекеттің құрбандары туралы жалпыұлттық еске алу акциясына қосылу ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметімен келісе отырып лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады