Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн
қолданысқа енгiзу туралы"
1-бап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлсiн.
2-бап. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1. "Ұжымдық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегi Заңы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1992 ж., N 16, 442-құжат).
2. "Ұжымдық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 4 шілдедегi қаулысы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 423-құжат).
3. "Ұжымдық еңбек даулары мен ереуiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегi Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 13, 264-құжат).
4. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат).
5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1069-құжат).
6. "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 409-құжат).
7. "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2004 ж., N 3-4, 17-құжат).
3-бап. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен сәйкестiкке келтiрілсiн.
Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен сәйкестікке келтiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті