"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 420-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының шағын типографиясы үшiн есептеу жабдығы - 1 жиынтық; көшiру-көбейту жабдығы - 1 жиынтық; диктостанция - 1 жиынтық;";
2) көрсетiлген қаулыға 425-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "байланыс құралдарын" деген сөздерден кейiн ", 1 бiрлiк - репитер; 1 бiрлік - компьютер; 1 бiрлiк - принтер; 1 бiрлiк - көшiру-көбейту аппаратын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі