Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 114-қосымшада :
2-тармақ "; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң реттiк нөмiрi 1-жолында:
5-бағанда:
"Республикалық еңбектi қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу институтын құру." деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Тiзбеге сәйкес активтердi сатып алуға күрделi трансферттер аудару." деген сөздермен толықтырылсын;
7-баған ", "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбекті қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" РМҚК" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Құрылатын Еңбектi қорғау жөнiндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтын материалдық-техникалық жарақтандыру." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі