Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 197ал Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  114-қосымшада :
      2-тармақ "; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854  қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң реттiк нөмiрi 1-жолында:
      5-бағанда:
      "Республикалық еңбектi қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу институтын құру." деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Тiзбеге сәйкес активтердi сатып алуға күрделi трансферттер аудару." деген сөздермен толықтырылсын;
      7-баған ", "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбекті қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" РМҚК" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ "Құрылатын Еңбектi қорғау жөнiндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтын материалдық-техникалық жарақтандыру." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады