Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығын қараңыз.


      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттiк органдары жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн жауапты болып белгiленсiн:
      1) аң аулау объектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша, жәндіктер – орман зиянкестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
      2) балық ресурстары және балық аулау объектілеріне жатқызылған және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарлары бойынша – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
      3) жәндiктер - өсiмдiк зиянкестерi (орманның зиянкес жәндiктерiнен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшiн пайдалы жәндiктер бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 345-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2005 жылғы 5 қаңтардағы   
N 1 қаулысымен      
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн
мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен
мониторингiн жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның кадастры мен мониторингi (бұдан әрi - есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттiк басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлiлігі мен мекендейтiн ортасын сақтау мақсаттарында жүргiзiледi. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтiн ортасы, саны, жүйелi түрде байқаулардың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректердi қамтиды.
      3. Жануарлар дүниесiн есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) жүргiзедi.
      Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргiзу үшiн мәлiметтер жинауды тиiстi уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.
      Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және тиiстi уәкiлеттi органның аумақтық органына есеп бередi.
      4. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингi жануарлардың топтары: сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, омыртқасыздар, соның iшiнде жәндiктер бойынша республика үшiн бiрыңғай жүйе, әдiстемелер және көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi.
      5. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингiн жүргізу:
      аң аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жабайы жануарлар бойынша;
      балықтар және балық аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да су жануарлары бойынша;
      жәндiктер - өсiмдiк зиянкестерi (орманның зиянкес жәндiктерiнен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшiн пайдалы жәндiктер бойынша;
      жәндiктер - орман зиянкестерi және орман үшiн пайдалы жәндiктер бойынша;
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар бойынша жүзеге асырылады.
      6. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргiзiлетiн жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды.

2. Жануарлар дүниесiн есепке алуды жүргiзу

      7. Жануарлар дүниесiн есепке алу мемлекеттiк экологиялық сараптамамен келiсiлген және тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен бiрыңғай әдiстемелер бойынша жүзеге асырылады.
      8. Жануарлар дүниесiн есепке алу деректерi Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

3. Жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу

      9. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры табиғи еркiндiк жағдайларында, ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн жабайы жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн, сондай-ақ осы жануарлардың тiршiлiк ету жағдайлары (мекендейтiн ортасы), жүргiзiлетiн биотехникалық, қорғау, қалпына келтiру және өзге де iс-шаралар туралы негiзгi деректердi қамтиды.
      10. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
      1) жануарлар дүниесiнiң гендiк қор кiтабы - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. Ол жануарлар дүниесiн есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізiн қамтамасыз етеді және мынадай:
      республика фаунасының құрамы;
      жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) жүйелiк жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәлiметтердi;
      жануарлардың таралуы және олардың саны;
      экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйiнiң өзгеру үрдiстерi;
      жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәлiметтердi қамтиды;
      2) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерiнiң кадастр кітаптары - өздерінiң аумақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегi мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
      3) балықтардың және балық аулау объектiлерiне жатқызылған басқа  су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кiтаптары - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
      4) омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кiтабы - өсiмдiктердiң зиянкес жәндiктерi мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндiктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргізедi;
      5) омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер - орман зиянкестерi мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәлiметтердi қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi;
      6) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң кадастры кiтабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi туралы өздерiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер негiзiнде тиiстi уәкiлеттi органдар және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
      7) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жылдық есептерi;
      8) жануарлар санын есепке алу материалдары.
      11. Жануарлар дүниесiнiң кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негiзiнде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Кадастр кiтаптарын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды.
      12. Кадастрлар шеңберiнде алынған жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу мен тiркеу нәтижелерi Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерi мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне тегiн берiледi.

4. Жануарлар дүниесінің мониторингін жүргiзу

      13. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, физикалық жай-күйін, олардың мекендейтiн ортасының құрылымын, сапасын және алаңын жүйелi түрде байқау жүйесiн бiлдiредi. Ол экологиялық жүйелер мен биологиялық сан алуандықты сақтау, жануарлар дүниесiн теңдестiрiлген дәрежеде және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, теріс процестер мен құбылыстар салдарларының алдын алу және жою мақсаттарында жүргiзiледi.
      14. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң деректерi жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргізу үшiн пайдаланылады.
      Жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу тәртiбi мен нысандарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша тиiстi уәкiлеттi органдар анықтайды.
      15. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң нәтижелері белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне енгiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға тегiн берiледi.

5. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін
жүргiзудi мемлекеттік бақылау

      16. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзуге мемлекеттiк бақылауды тиiстi уәкiлеттi органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.

Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 января 2005 года N 1. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 18-03/577.

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира в Республике Казахстан.

      2. Определить ответственными за ведение государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира следующие государственные органы Республики Казахстан:
      1) по животным, отнесенным к объектам охоты и используемым в иных хозяйственных целях, по насекомым - вредителям леса и насекомым, полезным для леса, по животным, занесенным в Красную книгу Республики Казахстан – Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан;
      2) по рыбным ресурсам и другим водным животным, отнесенным к объектам рыболовства и используемым в иных хозяйственных целях – Комитет рыбного хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан;
      3) по насекомым - вредителям растений (кроме насекомых вредителей леса) и насекомым, полезным для сельскохозяйственных культур - Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенным постановлением Правительства РК от 18.10.2013 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 августа 1995 г. N 1153 "Об утверждении Порядка государственного учета животных и ведения Государственного кадастра животного мира на территории Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 28, ст. 345).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан
 

      Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 5 января 2005 года N 1

Правила
ведения государственного учета, кадастра и мониторинга
животного мира в Республике Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира в Республике Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и определяют порядок организации и ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира в Республике Казахстан.
      2. Государственные учет, кадастр и мониторинг животного мира в Республике Казахстан (далее - учет, кадастр и мониторинг) ведутся для целей государственного управления охраной, воспроизводством и устойчивым использованием животного мира, а также сохранения биологического разнообразия и среды обитания животных. Учет, кадастр и мониторинг включают совокупность сведений о состоянии и географическом распространении животного мира, среде обитания, численности, результатах регулярных наблюдений, информацию об их хозяйственном использовании и другие данные.
      3. Учет, кадастр и мониторинг животного мира ведутся уполномоченным органом в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, за исключением рыбных ресурсов и других водных животных, и уполномоченным органом в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных (далее - соответствующие уполномоченные органы) на всей территории Республики Казахстан в соответствии с настоящими Правилами.
      Сбор сведений для ведения учета, кадастра и мониторинга осуществляются соответствующими уполномоченными органами и их территориальными органами.
      Пользователи животным миром при специальном пользовании проводят учет численности объектов животного мира и представляют отчетность в территориальный орган соответствующего уполномоченного органа.
      4. Учет, кадастр и мониторинг животного мира ведутся по единой для республики системе, методике и показателям по группам животных: млекопитающие, птицы, пресмыкающиеся, земноводные, рыбы, беспозвоночные, в том числе насекомые.
      5. Ведение учета, кадастра и мониторинга животного мира осуществляется:
      по животнымотнесенным к объектам охоты и используемым в иных хозяйственных целях;
      по рыбам и другим водным животным, отнесенным к объектам рыболовства и используемым в иных хозяйственных целях;
      по насекомым - вредителям растений (кроме насекомых вредителей леса) и насекомым, полезным для сельскохозяйственных культур;
      по насекомым - вредителям леса и насекомым, полезным для леса;
      по животным, занесенным в Красную книгу Республики Казахстан.
      6. Перечень видов животных, по которым ведутся учет, кадастр и мониторинг, определяется соответствующим уполномоченным органом по согласованию с уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности.

2. Ведение учета животного мира

      7. Учет животного мира осуществляется по единым методикам, согласованным государственной экологической экспертизой и утвержденным соответствующими уполномоченными органами.
      8. Данные учета животного мира являются основой для ведения кадастра и мониторинга животного мира Республики Казахстан.

3. Ведение кадастра животного мира

      9. Кадастр животного мира Республики Казахстан содержит систему необходимых сведений и документов о распространении, биологическом состоянии, численности, характере и интенсивности хозяйственного использования видов (групп видов) диких животных, постоянно или временно обитающих на территории республики в условиях естественной свободы, в неволе или полувольных условиях, а также основные данные об условиях существования (среде обитания) этих животных, проводимых биотехнических, охранных, восстановительных и иных мероприятий.
      10. Составляющими кадастра животного мира Республики Казахстан являются:
      1) книга генетического фонда животного мира - ведется уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности. Она обеспечивает единую зоологическую основу учета и кадастра животного мира и содержит сведения о:
      составе фауны республики;
      систематическом положении видов (групп видов) животных, их научные названия;
      распространении и численности животных;
      тенденции изменения состояния экологических систем и популяций;
      хозяйственном использовании животных;
      2) кадастровые книги видов животных, являющихся объектами охоты и видов животных, используемых в иных хозяйственных целях - ведутся уполномоченным органом в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, за исключением рыбных ресурсов и других водных животных, и уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности, по данным, представляемым его территориальными органами, учреждениями по охране животного мира, особо охраняемыми природными территориями;
      3) кадастровые книги рыб и других водных животных, отнесенных к объектам рыболовства и рыб и других водных животных, используемым в иных хозяйственных целях - ведутся уполномоченным органом в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных и уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности, по данным, представляемым его территориальными органами, особо охраняемыми природными территориями;
      4) сельскохозяйственная кадастровая книга беспозвоночных животных - ведется уполномоченным органом в области защиты растений и уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности, по данным, представляемым его территориальными органами о насекомых - вредителях растений и полезных для сельского хозяйства;
      5) лесная кадастровая книга беспозвоночных животных - ведется уполномоченным органом в области лесного хозяйства и уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности, по данным, представляемым его территориальными органами, особо охраняемыми природными территориями, включающим сведения о насекомых - вредителях леса и полезных для лесного хозяйства;
      6) кадастровая книга редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных - ведутся соответствующими уполномоченными органами и уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности, на основании данных о видах животных, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, представляемых их территориальными органами, особо охраняемыми природными территориями;
      7) годовые отчеты пользователей животным миром;
      8) материалы учетов численности животных.
      11. Кадастр животного мира ведется на основе цифровых геоинформационных систем и является составной частью Единой системы государственных кадастров природных объектов Республики Казахстан.
       Формы и порядок ведения кадастровых книг определяются соответствующими уполномоченными органами.
      12. Результаты учета и регистрации объектов животного мира, полученные в рамках кадастров, передаются в Единую систему государственных кадастров природных объектов Республики Казахстан безвозмездно.

4. Ведение мониторинга животного мира

      13. Мониторинг животного мира представляет собой систему регулярных наблюдений за распространением, численностью, физическим состоянием объектов животного мира, структурой, качеством и площадью среды их обитания. Он проводится в целях выявления и оценки происходящих изменений, предупреждения и устранения последствий негативных процессов и явлений для сохранения экологических систем и биологического разнообразия, обеспечения сбалансированного и устойчивого использования животного мира.
      14. Данные мониторинга животного мира используются для ведения кадастров животного мира.
       Порядок и формы для ведения мониторинга животного мира  определяются соответствующими уполномоченными органами по согласованию с центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды.
      15. Результаты мониторинга животного мира передаются безвозмездно в установленном порядке центральному исполнительному органу в области охраны окружающей среды для включения в Единую систему мониторинга окружающей среды и природных ресурсов Республики Казахстан.

5. Государственный контроль за ведением учета,
кадастра и мониторинга

      16. Государственный контроль за ведением учета, кадастра и мониторинга осуществляются соответствующими уполномоченными органами, центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды и их территориальными органами.