Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жыллғы 21 тамыз N 1153. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.05. N 1 қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы N 2463 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң Мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1995 жылғы 21 тамыздағы      
N 1153 қаулысымен         
БЕКIТIЛГЕН            

           Жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар
            дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
                           ТӘРТIБI

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлардың географиялық таралуын, олардың тiршiлiгi мен саны, мекендейтiн жерлерi, оларды шаруашылыққа пайдалану жөнiндегi мәлiметтердi және басқа деректердi жинақтайтын жануарларға мемлекеттiк санақ жұмысы және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры жүргiзiледi. 
      2. Барлық ведомстволар бойынша жануарларға жүргiзiлген мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры туралы деректердi қорыту, сондай-ақ жануарларға мемлекеттiк санақ пен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге мемлекеттiк бақылау жасау жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлеттi органдарға жүктеледi. 
      Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң генетикалық қоры кiтабын жүргiзу және басып шығару мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен Ұлттық ғылым академиясына жүктеледi. 
      3. Жануарларға мемлекеттiк санақ жүргiзу және оларды пайдалану, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын және соған байланысты барлық құжаттарды жүргiзу, қорыту, сақтау мына ұйымдарға: 
      аңшылық объектiлерi болып саналатын жабайы жануарлар бойынша - жалпы пайдаланудағы алаптарда Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi Бас басқармасына және өздерiне бекiтiлiп берiлген алаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға; 
      Балық кәсiпшiлiкпен ауланатын омыртқасыздар мен кәсiпшiлiк теңiз сүт қоректiлерi бойынша - Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық қорларын қорғау және табиғат пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi Бас басқармасына; 
      насекомдар - өсiмдiк зиянкестерi (орман зиянкестерi насекомдарынан басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшiн пайдалы насекомдар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне; 
      насекомдар - орман зиянкестерi және орман үшiн пайдалы насекомдар бойынша - Қазақстан Республикасының - Орман шаруашылығы комитетiне, сондай-ақ басқа да министрлiктер мен ведомстволардың орман шаруашылығын жүргiзетiн кәсiпорындарына, мекемелерiне және ұйымдарына; 
      Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар бойынша - мүдделi ұйымдар мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне және Ұлттық ғылым академиясына; 
      айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың барлық жануарлары бойынша - өз қарамағында осындай жануарлар бар министрлiктерге, ведомстволарға және ұйымдарға; 
      инфекцияның табиғи ошақтары бар және адамның денсаулығына қауiптi аудандарда мекендейтiн жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жүктеледi. 
      4. Жануарларға мемлекеттiк санақ құжаттамаларының және оларды пайдалану, жануарлар дүниесiнiң Мемлекеттiк кадастры туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк осы құжаттамаларды жүргiзушi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшыларына жүктеледi. 
      5. Мемлекеттiк санақ және мемлекеттiк кадастрды жүргiзу Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi Бас басқарма және Балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық қорларын қорғау және табиғат пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi Бас басқарма, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi бекiткен бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асырылсын. 
      6. Жануарларға мемлекеттiк санақ жүргiзу, оларды пайдалану және жануарлар дүниесiнiң Мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк санаққа жататын және мемлекеттiк кадастрге қосылатын жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) тiзiмiн (тiзбесiн) Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi Бас басқармасы және Балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық қорларын қорғау және табиғат пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi Бас басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Тұтынушылар одағы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi бекiтедi. 
      Жануарларға мемлекеттiк санақ жүргiзу, оларды пайдалану және жануарлар дүниесiнiң Мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерi мынадай: 
      Республика аумағында тұрақты және уақытша тұрақтанған, табиғи жағдайда құрлықта, суда, атмосферада және топырақта тiршiлiк ететiн жабайы жануарлардың (сүтқоректiлердiң, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекендiлердiң, балықтардың, сондай-ақ моллюскалардың, насекомдардың және басқа да жануарлардың) таралуы, сан мөлшерi және пайдаланылуы туралы; 
      Бұл мәлiметтер жалпы республика, облыстар және жекелеген аудандар аумағы бойынша жануарлар дүниесiнiң тiршiлiгiндегi сандық және сапалық өзгерiстердi бақылау мақсатымен ауық-ауық анықталып тұруы тиiс. 
      Жануарлар дүниесiнiң Мемлекеттiк кадастрында жануарларға жүргiзiлген мемлекеттiк санақ, сандық және сапалық көрсеткiштер бойынша оларды пайдалану мәлiметтерi, сонымен бiрге жануарлар дүниесiн қорғауды, арнаулы кәсiптiк аңшылық, балық шаруашылықтарын және басқа да салаларды жоспарлауды, орналастыруды және мамандандыруды қамтамасыз етуге қажеттi басқа да мәлiметтердi, жануарлар дүниесiн пайдалануға, олардың қорларын анықтау мен болжауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру, жануарлардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу шараларын ұйымдастыру деректерi көрсетiледi. 
      7. Жануарларға мемлекеттiк санақ жүргiзу, оларды пайдалану және Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу, жануарлар дүниесi ресурсын пайдаланатын тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың өз қаржыларымен жүзеге асырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады