2005 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысы

      Республиканың азық-түлiктiк қауiпсіздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2005 жылғы егiннiң азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын мемлекеттік астық ресурстарына мемлекеттік сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екі жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 549999 (бec жүз қырық тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) тоннаға дейiнгі көлемде белгіленсiн, бұл ретте:
      1) 2005 жылғы 25 шiлдеге дейiнгі мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 11288 (он бiр мың екi жүз сексен сегiз) теңге баға бойынша 4094680000 (төрт миллиард тоқсан төрт миллион алты жүз сексен мың) теңге сомасына 362747 (үш жүз алпыс екi мың жетi жүз қырық жетi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;
      2) күзде тiкелей сатып алу арқылы:
      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко элеватор шартымен 11288 (он бір мың екі жүз сексен сегiз) теңге баға бойынша 2113702000 (екi миллиард бiр жүз он үш миллион жетi жүз екi мың) теңге сомасына 187252 (бiр жүз сексен жетi мың екi жүз елу екi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.11.  N 719  қаулысымен.

      2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамына кредит ресурстарын тарту есебiнен 2000000 (екi миллион) тоннаға дейiнгі көлемде бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары астығын мемлекеттiк сатып алуды қосымша жүзеге асыру ұсынылсын.

      3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы 2005 жылы оларды сатып алудың Қазақстан Республикасының азық-түліктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк ресурстарға астықты мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметтер, мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә. Үмбетовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О государственных закупках зерна в 2005 году

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2005 года N 116

     В целях обеспечения продовольственной безопасности, мобилизационных нужд республики, оперативного регулирования рынка зерна, имеющего стратегическое значение, и в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Определить объем государственных закупок зерна продовольственной мягкой пшеницы урожая 2005 года в государственные ресурсы зерна в количестве до 549999 (пятьсот сорок девять тысяч девятьсот девяносто девять) тонн на сумму 6208382000 (шесть миллиардов двести восемь миллионов триста восемьдесят две тысячи) тенге за счет средств республиканского бюджета, при этом:
     1) посредством весенне-летнего финансирования в срок до 25 июля 2005 года:
     в объеме до 362747 (триста шестьдесят две тысячи семьсот сорок семь) тонн зерна продовольственной мягкой пшеницы на сумму 4094680000 (четыре миллиарда девяносто четыре миллиона шестьсот восемьдесят тысяч) тенге по цене 11288 (одиннадцать тысяч двести восемьдесят восемь) тенге за одну тонну зачтенного физического веса, включая налог на добавленную стоимость, и без учета налога на добавленную стоимость для плательщиков единого земельного налога, не являющихся плательщиками налога на добавленную стоимость, на условиях франко-элеватор;
     2) осенью посредством прямого закупа:
     в объеме до 187252 (сто восемьдесят семь тысяч двести пятьдесят две) тонн зерна продовольственной мягкой пшеницы на сумму 2113702000 (два миллиарда сто тринадцать миллионов семьсот две тысячи) тенге по цене 11288 (одиннадцать тысяч двести восемьдесят восемь) тенге за одну тонну зачтенного физического веса, включая налог на добавленную стоимость, и без учета налога на добавленную стоимость для плательщиков единого земельного налога, не являющихся плательщиками налога на добавленную стоимость, на условиях франко-элеватор. <*>
      Сноска. В Пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июля 2005 г. N 719 (порядок введения в действие см. п.2).

     2. Рекомендовать акционерному обществу "Продовольственная контрактная корпорация" дополнительно осуществить государственные закупки зерна пшеницы и других сельскохозяйственных культур в объеме до 2000000 (два миллиона) тонн за счет привлечения кредитных ресурсов.

     3. Определить акционерное общество "Продовольственная контрактная корпорация" в 2005 году поставщиком услуг по государственным закупкам зерна в государственные ресурсы, услуг по хранению и перемещению государственных ресурсов зерна, закупка которых имеет важное стратегическое значение для обеспечения продовольственной безопасности Республики Казахстан.

     4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Умбетова С.А.

     5. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2005 года и подлежит опубликованию.
 

      Премьер-Министр
     Республики Казахстан