1. "2005 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы N 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 64-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"385000 (үш жүз сексен бес мың) тоннаға дейiнгі көлемде" деген сөздер "362747 (үш жүз алпыс екi мың жетi жүз қырық жетi) тоннаға дейiнгi көлемде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"4345880000 (төрт миллиард үш жүз қырық бес миллион сегiз жүз сексен мың)" деген сөздер "4094680000 (төрт миллиард тоқсан төрт миллион алты жүз сексен мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасында:
"164999 (бiр жүз алпыс төрт мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) тоннаға дейiнгi көлемде" деген сөздер "187252 (бiр жүз сексен жетi мың екi жүз елу екi) тоннаға дейiнгi көлемде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1862502000 (бiр миллиард сегiз жүз алпыс екi миллион бес жүз екi мың)" деген сөздер "2113702000 (екi миллиард бiр жүз он үш миллион жетi жүз екi мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.