Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Саны 5 адамнан тұратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiн (бұдан әрi - Комитет) 2005 жылғы 1 наурызға дейiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi:
1) Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн көшiру мен орналастыру және осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы қаражатын толық көлемде игеру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзсiн;
2) Комитеттiң көшiрiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстар өтемақысын төлеудi жүзеге асырсын.
3. Комитеттiң қызметкерлерiне тұрғын үй беру және оны сатып алу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi N 377 - 26 қбпү және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736 - 56 қбпү қаулыларына сәйкес жүзеге асырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі