Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 ақпандағы N 165 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Саны 5 адамнан тұратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiн (бұдан әрi - Комитет) 2005 жылғы 1 наурызға дейiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi:
      1) Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн көшiру мен орналастыру және осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы қаражатын толық көлемде игеру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзсiн;
      2) Комитеттiң көшiрiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстар өтемақысын төлеудi жүзеге асырсын.

      3. Комитеттiң қызметкерлерiне тұрғын үй беру және оны сатып алу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi N 377 - 26 қбпү және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736 - 56 қбпү қаулыларына сәйкес жүзеге асырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады