Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде:
35-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.