Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.27 N 1614 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының»" Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.27 N 1614 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.27 N 1614 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 23 тамыздағы  
N 733 қаулысымен   
бекітілген      

  Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.27 N 1614 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2007 жылғы 23 тамыздағы   
N 733 қаулысымен   
бекітілген      

Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:
      1) өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіріс паспортының;
      2) лицензиар пломбылаған және белгіленген талаптарды қанағаттандыратын спирт өлшейтін аппараттардың;
      3) қойма үй-жайлары - этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін ғана арналған мамандандырылған тұрақты үй-жайлардың және (немесе) алаңдардың;
      4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді регламенттейтін техникалық құжаттаманың (санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері);
      5) тұрақты коммуникациялар - нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу, салқын, электр жабдықтаудың және кәріздің;
      6) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің;
      7) өлшеу құралдарының (шикізатты қабылдау және беру үшін таразы және өлшеу шаруашылығының);
      8) өндірісті және сынақ зертханаларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтымның;
      9) жабдықтардың айрықшалығымен, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларымен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының;
      10) мынадай жолмен алынған этил спиртін өндіру мен шығару мүмкіндігінің:
      тоқсандар бойынша бірдей жылына 200 мың декалитрден төмен емес көлемде спирт ашытқыларын айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикізаты сірнесінен және басқа да құрамында қант және крахмал бар тағамдық өсімдік шикізатынан өндірілетін этил спирті шикізатын тазарту;
      жылына 20 мың декалитрден төмен емес көлемде шарап материалынан төте немесе екі мәрте айдап айыру;
      11) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы тұрақты өндірістік үй-жайлардың және жабдықтардың болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің      
2007 жылғы 23 тамыздағы  
N 733 қаулысына  
қосымша      

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі

         1.   "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы 1258  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қаңтардағы N 97  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 37-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 12, 164-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 403-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 186  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 11, 102-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 46, 493-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады