Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына
өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
енгiзiлсiн;
"Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкiмi" деген жолдағы "Алматы қаласының" деген сөздер "Шығыс Қазақстан облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi