"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 222 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына
өзгерiстер енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  20-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына:
      Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Сауат Мұхаметбайұлы       Министрiнiң орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының Индустрия
                                және сауда министрі, төрағаның
                                орынбасары
енгiзiлсiн;
      "Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкiмi" деген жолдағы "Алматы қаласының" деген сөздер "Шығыс Қазақстан облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады