Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына
өзгерістер енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1-тармақтағы "2007" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде 1-тармақтағы "1052,6" деген сандар "1566,3" деген сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге Жоспар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi