"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы N 241 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645  Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына
өзгерістер енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645  Жарлығына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1-тармақтағы "2007" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде 1-тармақтағы "1052,6" деген сандар "1566,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге Жоспар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады