Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге хаттама жасалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының
Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi,
Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының
Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше барлық мемлекеттер үшiн Қоғамдастық аумағы бойынша азаматтардың жүрiп-тұруына арналған бiрыңғай құжаттардың тiзбесiн әзiрлеу мақсатында,
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес, төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасасты:
1-бап
Жеке басын куәландыратын және олардың иелерiнiң азаматтығын растайтын, Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына келуге, кетуге, транзиттік жол жүруге, жүрiп-тұруға және онда болуға құқық беретiн құжаттарға осы Хаттамаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетiлген құжаттар жатады.
Осы Хаттаманың уақытша қолданылатын күнiнен бастап осы Хаттамаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар жоғарыда аталған Келiсiмнiң 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларын алмастырады.
2-бап
Осы Хаттама, оған қол қойылғаннан кейiн 30 күннен соң уақытша қолданыла бастайды және депозитарий оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Тараптар осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн осы Хаттамаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда санамаланған құжаттардың үлгiлерiмен дипломатиялық арналар арқылы кiдiрiссiз алмасатын болады.
200_ жылғы "__" ________ ________ қаласында әрқайсысы беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжiк тiлдерiнде бiр данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтiн қолданылады.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттерге жiбередi.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь
Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғыз
Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Үкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттамаға
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң аумақтарына келуге, кетуге,
транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және онда
болуға арналған Беларусь Республикасының
азаматтары құжаттарының
ТIЗБЕСI
1. Беларусь Республикасы азаматының паспорты.
2. Қызметтiк паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгі (кеме журналында жазба
немесе одан үзiндi болған жағдайда).
5. Беларусь Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь
Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғыз
Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Үкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттамаға
2-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң аумақтарына келуге, кетуге,
транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және
онда болуға арналған Қазақстан Республикасының
азаматтары құжаттарының
ТIЗБЕСI
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
2. Қызметтік паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңiзшінiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан
үзiндi болған жағдайда).
5. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь
Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғыз
Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Үкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттамаға
3-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң аумақтарына келуге, кетуге,
транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және онда
болуға арналған Қырғыз Республикасының
азаматтары құжаттарының
ТIЗБЕСI
1. Қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн 1994 жылғы үлгiдегi
Қырғыз Республикасы азаматының (толтырылған шетелдiк парағы
болған жағдайда) паспорты және 2004 жылғы үлгiдегi паспорт.
2. Қызметтік паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан
үзiндi болған жағдайда).
5. Қырғыз Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь
Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғыз
Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Үкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттамаға
4-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң аумақтарына келуге, кетуге,
транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және
онда болуға арналған Ресей Федерациясының
азаматтары құжаттарының
ТIЗБЕСI
1. Шетелдiк паспорт.*
2. Қызметтiк паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңiзшінiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан
үзiндi болған жағдайда).
5. Ресей Федерациясына қайта оралуға арналған куәлiк.
* Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасында Одақтық мемлекет құру туралы шарттың 14-бабының 9-тармағын орындау үшін Ресей Федерациясы азаматтарының және Беларусь Республикасы азаматтарының бiр-бiрiнiң аумақтарына келуi, онда болуы және кетуi сонымен бiрге iшкi паспорттар бойынша да жүзеге асырылады.
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь
Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғыз
Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Үкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттамаға
5-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң аумақтарына келуге, кетуге,
транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және онда
болуға арналған Тәжікстан Республикасының
азаматтары құжаттарының
ТIЗБЕСI
1. Шетелдiк паспорт.
2. Қызметтiк паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңiзшінiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан
үзiндi болған жағдайда).
5. Тәжiкстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.