"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар отын-энергетика кешенi саласындағы жұмыстарды берушілер болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С Есімовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 5 сәуiрдегi
N 306 қаулысына
қосымша
Сатып алудың маңызды стратегиялық
мәнi бар отын-энергетика кешенi саласындағы
жұмыстар берушi заңды тұлғалардың тiзбесi
P/c |
Жұмыс берушiнiң атауы |
Жұмыс берушiнiң орналасқан жерi |
Жұмыстардың атауы |
1. |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны |
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы |
2005 жылға арналған 023 "Арнайы бақылау станциялары тiркеген ядролық жарылыстар мен жер сiлкiнiстері- |
2. |
"Қарағандышахта- |
Қарағанды |
2005 жылға арналған 009 "Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын жабу" республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес iс-шаралар орындау |
3. |
"Уранкенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны |
Көкшетау |
2005 жылға арналған 008 "Уран кенiштерiн консервациялау және тарату, техногендiк қалдықтарды көму" республикалық бюджеттік бағдарла- |
4. |
"Волковгеология" ашық акционерлік қоғамы |
Алматы |
2005 жылға арналған 011 "Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық ахуалды зерделеу" республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес iс-шаралар орындау |