Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 306 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар отын-энергетика кешенi саласындағы жұмыстарды берушілер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С Есімовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                           2005 жылғы 5 сәуiрдегi
                                                N 306 қаулысына
                                                     қосымша

             Сатып алудың маңызды стратегиялық
      мәнi бар отын-энергетика кешенi саласындағы
       жұмыстар берушi заңды тұлғалардың тiзбесi

P/c
N

Жұмыс берушiнiң атауы

Жұмыс берушiнiң орналасқан жерi

Жұмыстардың атауы

1.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы

2005 жылға арналған 023 "Арнайы бақылау станциялары тiркеген ядролық жарылыстар мен жер сiлкiнiстері-
нiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын жасау" республикалық бюджеттік бағдарла-
масына сәйкес
iс-шаралар орындау

2.

"Қарағандышахта-
тарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорны

Қарағанды
қаласы

2005 жылға арналған 009 "Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын жабу" республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес iс-шаралар орындау

3.

"Уранкенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

Көкшетау
қаласы

2005 жылға арналған 008 "Уран кенiштерiн консервациялау және тарату, техногендiк қалдықтарды көму" республикалық бюджеттік бағдарла-
масына сәйкес
iс-шаралар орындау

4.

"Волковгеология" ашық акционерлік қоғамы

Алматы
қаласы

2005 жылға арналған 011 "Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық ахуалды зерделеу" республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес iс-шаралар орындау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады