Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр
жарлықтарына Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат):
кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды;";
5) тармақшада:
"iс-әрекетiне" деген сөзден кейiн "әрекетсiздiгiне" деген сөзбен толықтырылсын;
"саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзеді; сайлау жүйелерi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
"оларды жасау тәртiбiн," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ қорғалу дәрежесін," деген сөздермен толықтырылсын;
"дауыс беруге арналған жәшiктер мен" деген сөздер "мөлдiр материалдан жасалған, дауыс беруге арналған жәшiктердiң нысанын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Президенттi және Парламент пен мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"адамдары мен бастамашыл топтарын" деген сөздер "адамдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тілдегi мәтiнде "хабар" деген сөз өзгеріссіз қалдырылсын;
9) тармақша ", ақпарат бюллетенiн мерзiмдi шығарып тұрады;" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшада ", сондай-ақ Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес олар қайта сайланған жағдайда Сенат депутаттарының сайлауын" деген сөздер алынып тасталсын;
16) тармақшада:
"органдарының мүшелерiн" деген сөздер "органдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"олардың қызметiне" деген сөздер "олардың қызметінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының бұзылуы анықталған кезде тиісті сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;";
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
17-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;
17-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiн оны қолдану бойынша оқытуды жүргізеді;
17-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалану бойынша оқытуды ұйымдастырады;";
18) және 19) тармақшалар алынып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Орталық сайлау комиссиясының аппараты қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруінің шарттары мемлекеттiк қызмет туралы, еңбек туралы заңдарда, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiленедi.";
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тізiлiмiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкімшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiнде:
В санаттарының тобында:
тақырыбы "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты" деген сөздермен толықтырылсын;
В-3 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi";
С санаттарының тобында:
С-4 және С-5 санаттарында "Орталық сайлау комиссиясының," деген сөздер алынып тасталсын;
С-7 санатында "Орталық сайлау комиссиясының референтi" деген жол алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi