Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Ел экономикасының мұқтажы үшін авиациялық отынның қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 20 сәуірден бастап 20 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды:
реактивті отынды (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 210 0);
басқаларын (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 250 0) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгізгендігі туралы хабардар етсін.