Қазақстан Республикасының Yкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнің
кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентінiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат; 1995 ж., N 4, 45-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат):
4-тармақта "ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер "қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулі кемшiліктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2002 ж., N 22, 230-құжат; 2003 ж., N 29, 282-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат):
7-тармақ алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi ірiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы";
1-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы." (комиссияның құрамы осы Жарлыққа қоса берiлiп отыр);
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Yкiметi Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссиямен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiн бекiтсiн";
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауға өтiнiм ұсынсын".
аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi, Республикалық комиссия хатшысы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi айқындайтын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi болып табылады".
4-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
5-тармақтағы ", сондай-ақ жұмыс органының ұсынуы бойынша стипендиаттарды iрiктеудiң бiрiншi турын өткiзу жөнiндегi сараптау комиссияның ережесi мен құрамын бекiтедi" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Комиссия төрағасының орынбасары төраға болмаған жағдайда осы Ереженiң 5-тармағында көзделген оның функцияларын жүзеге асырады";
7-тармақтағы "төрағасы мен" деген сөздерден кейiн "төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
сегiзiншi абзацтағы "келiсiм-шарттар" деген сөздер "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
он бесiншi абзац "комиссияның қарауына" деген сөздерден кейiн "жыл сайын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Болашақ" стипендиясына үмiткерлердi iрiктеудiң жыл сайынғы жоспарын Республикалық комиссияның қарауына енгiзедi.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы "__" ______
N ___ Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 қаулысына
қосымша
Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
(лауазымдары бойынша)
Қазақстан Республикасының - комиссияның төрағасы
Мемлекеттiк хатшысы
Қазақстан Республикасының - комиссия төрағасының
Бiлiм және ғылым министрi орынбасары
Қазақстан Республикасының - комиссия хатшысы
Бiлiм және ғылым вице-министрi
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi
агенттiгiнiң төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi
Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi