Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiнiң күшi
жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасында ұлттық лотерея ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiнiң (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 431-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiнiң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi